Оқиға

Ақтөбедегі арнайы операция: ҰҚТ мүшелері ұсталды

© Sputnik / Еркен СалиховҚР арнайы қызметі
ҚР арнайы қызметі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 7желтоқсан күні Ақтөбеде арнайы операция өткізді.

АСТАНА, 7 жел — Sputnik. Ақтөбеде арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтар мүшелері ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Сәрсенбі, 7 желтоқсан күні, мұнай өндіру зауыты аймағында арнайы операцияның өткізілгендігі белгілі болды. 

Арнайы қызметтің хабарламасына сәйкес, операцияны ҚР ІІМ арнайы қызмет жасағының қолдауымен ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері  бірлесе отырып жүргізген. 

"Мұнай өнімдерін тасымалдаумен және "үстінен қараумен" айналысқан ҰҚТ мүшелері ұсталды", — деп хабарлады ҰҚК. 

Бұдан бөлек, радикал салафизмнің бірнеше ұстанушысы ұсталыпты, олар мұнай ұрлауға қатысы бар тұлғаларға басшылық еткен.

Қазіргі уақытта олардың тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары жүріп жатыр, сонымен қатар, алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысқан кәсіпорындарда да тінтулер жүріп жатыр. Тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады, — деп хабарлады ҰҚК.


Жаңалықтар
0