Саясат

Назарбаев пен Мирзиеев бір-бірін телефон арқылы құттықтады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан президенті қызметіне кіріскенімен құттықтады

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесіп, оның барысында әңгімелесушілер екі жақты қарым-қатынастардың келешегін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Шавкат Мирзиеев - Sputnik Қазақстан
Өзбекстанның жаңа басшысы шенеуніктерге үлкен өзгеріс болатынын мәлімдеді

"Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевті Өзбекстан Республикасы президенті қызметіне ресми түрде кіріскенімен құттықтады", — делінген баспасөз баянда. 

Екі ел көшбасшылары сондай-ақ, ағымдағы жағдай мен екі жақты қарым-қатынастардың келешегін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.



Жаңалықтар
0