Мәдениет

Астанада Жаңа жыл: фейерверктер, шоу және жаппай сырғанау

© Photo : Управление культуры, архивов и документации АстаныЖаңа жылдық шырша Астанада
Жаңа жылдық шырша Астанада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана тұрғындары қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт тамашалайды

АСТАНА, 26 жел – Sputnik. Елордада қала тұрғындары мен қонақтарына Жаңа жыл түні керемет мерекелік бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды  елордалық мәдениет басқармасы. 

"Сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін "Хан Шатыр" СОСО мұз қалашығында, сондай-ақ көңілді ортада жаңа 2017 жылды қарсы алуға ниетті жандар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт тамашалайды. Елордада жаңа жыл түні Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, "Орда" тобы, "Дабыл" тобы және т.б. әртістер өнер көрсетеді, делінген хабарламада. 

Еліміздің бас шыршасының жанында ашылған мұз қалашығында келушілерді көп қызық күтеді. 

Сонымен қатар, жаңа жыл түні мерекелік отшашу ұйымдастырылады. 2017 жылы салют елорданың үш ауданында болады – "Хан Шатыр" СОО жанында, Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ, Абылай хан даңғылы мен А. Пушкин көшесінің қиылысындағы скверде. Коньки тебуді ұнататын жандар үшін жағалаудағы жаңа жыл түні ерекше болмақ. Мұнда қала тұрғындары үшін жаппай коньки тебу ұйымдастырылады. 

 

Жаңалықтар
0