Өңірлер

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауарайы күтіледі

Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, тек шығыстың кей жерлерінде қар жауады

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  жауын-шашынсыз болады, тек  шығыстың кей жерлерінде қар жауады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 

 Кей жерлерде тұман  болып, жел күшейіп, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде  бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында  тұман болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.  

Ақмола,  Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 


Жаңалықтар
0