АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Түркия қауіпсіздік қызметі Стамбулда Жаңа жыл түні түнгі клубқа шабуыл жасаған террористі ұстады, ол – Өзбекстанның тумасы Абдулгадир Машарипов деп хабарлады РИА Новости NTV телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, террористі ұстау операциясы дүйсенбі күні кешке Стамбулдағы Эсенъюрт ауданында болған. Машарипов Қырғызстаннан келген сыбайласының үйінде жасырынып жүріпті. Ол жерге үш күн бұрын көшіп келген екен. Полиция операциясы кезінде лаңкес қаруын қолданып үлгермеді.