Өңірлер

Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы қарлы әрі желді болады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, боран соғады, тұман және көктайғақ болады

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады деп күтіледі, батыс облыстарда жауын-шашын түседі деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.

мұз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дауылды ескерту: Алматы облысында су тасқындары болуы ықтимал

Ақмола, Павлодар облыстарында боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с, күндіз ұйытқуы – 30 м/с.

Алматы облысында – тұман, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысында тұман түседі, көйтайғақ болады деп күтіледі, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында – тұман, желдің екпіні – 17-22 м/с.

Атырау облысында – кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысында синоптиктер боран, көктайғақ болады деп болжайды, Ақтөбе облысында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – желдің екпіні – 15-20, кей жерлерде 25 м/с, кей жерлерде боран.

Қарағанды облысында – боран, желдің екпіні – 15-20, күндіз ұйытқуы – 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, желдің екпіні – 17-22 м/с. 

Жаңалықтар
0