Өңірлер

Он сегіз миллиондық салақтық: тараздық әскери 5 жылға сотталуы мүмкін

Жазылу
Әскери қызметкер – қаржы бөлімінің басшысы – екі жылда 18 миллион теңге "артық" төлеп қойған

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Шымкентте әскери сот әскери бөлімше үшін ауыр салдарға әкеп соқтырған салақтық жасағаны үшін айыпталған Жамбыл облысы әскери қызметкеріне қатысты істі қарауда деп жазады Otyrar.kz өңірлік басылымы.

Әскери бөлімше - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Теракт кезіндегі қорқақтық туралы іс: офицерлер шынайы мерзімге сотталды

Сотталушы Тараз тұрғыны кепілмен босатылған, сот үдерісіне өзі келді. Оның мүддесін тағайындалған адвокат қорғайды.

Тергеу дерегі бойынша, әскери қызметкер әскери бөлімшенің қаржы бөлімін басқара отырып, екі жыл бойы ақшаның жетіспеушілігін тудырып отырған, оның жалпы сомасы 18 миллион теңгеге шығады.

Ер адам кінәсін толығымен мойындады, ол ҚР ҚК 453 бабы 2 бөлігі бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0