Қоғам

Леонардо Ди Каприо Астанаға келгісі келеді

© AP Photo / Jordan StraussЛеонардо Ди Каприо
Леонардо Ди Каприо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Леонарда ди Каприо жолбарыстардың популяциясын қалпына келтіру бойынша келісімге қол қою үшін биыл күзде Қазақстан елордасына келеді

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. Жолбарыстардың басты қорғаушысы, Голливуд жұлдызы Леонардо ди Каприо Қазақстан үкіметі мен Жабайы табиғат әлемдік қоры арасындағы келісімге қол қою үшін Астанаға келуді жоспаралап отыр деп хабарлады  G-Global "Жасыл экономика" және даму коалициясы басқармасының төрайымы Салтанат Рахимбекова.

Сұңқармен саят құру - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Арабтарша сауық-сайран: жектерге саят құру олардың ҚР популяциясын сақтай ала ма

Әлемдік жабайы табиғат қоры Іле-Балқаш өңіріндегі экожүйе мен жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бойынша ірі көлемді жобаның бірінші кезеңінде Қазақстанға 10 миллион еуро бөлмекші.

Келісімге 2017 жылы 8-9 қыркүйекте қол қойылады.

"Жабайы табиғат қорының делегациясын Нидерланды принцессасы Лауренти бастайды, ол Нидерланды климатының өзгеруі бойынша Қордың төрайымы болып табылады. Сонымен бірге, БҰҰ-ның климат өзгерісі бойынша елшісі және WWF жолбарыс бағдарламасының елшісі Леонардо Ди Каприо келеді", — деді Рахимбекова брифингте. 

Жаңалықтар
0