АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. ҚР азаматтық авиация комитеті Польшаның авиациялық билік өкілдерімен Алматы мен Астанадан Варшаваға және кері бағытта тұрақты түрде рейстер жіберуге келісім жасасты деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрілігі баспасөз қызметі.
Тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, соған сәйкес Қазақстан мен Польшаның тағайындалған әуе компаниялары Астана, Алматы және Варшава қалаларының арасында тұрақты рейстерді жүзеге асыратын болады.
Халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесін өткізу қарсаңында LOT Polish Airlines поляк әуекомпаниясы 2017 жылдың мамырынан бастап Варшава-Астана-Варшава бағытында аптасына төрт рет тұрақты рейстер жіберуді жоспарлап отыр.