Оқиға

Астанадағы Ұлттық банкі ғимаратының маңына полицейлердің жиналуын ІІД-де түсіндірді

© Photo : Предоставлено очевидцемҰлттық банк
Ұлттық банк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алаңдаушылық білдірген көзімен көруші Sputnik Қазақстан редакциясына Астанадағы Ұлттық банкі ғимаратының маңына жиналып қалған бірнеше полиция автокөлігінің суретін жіберді.

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Астанада жұма күні ҚР Ұлттық банкі ғимаратын қорғау бойынша жаттығулар өтті, деп хабарлады елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Бұдан бұрын көзімен көруші Sputnik Қазақстан редакциясына Астанадағы Ұлттық банкі ғимаратының маңына жиналып қалған бірнеше полиция автокөлігінің суретін жіберген болатын. 

Ведомстволық бұйрық талаптарына сәйкес, жоспарлы оқу-жаттығулар өтуде. Оқу-жаттығу жұмыстары күзетілетін нысандарды полиция қызметкерлерінің кешенді күш құрылымдарымен тиісті деңгейде қорғау мақсатында ұйымдастырылады", — деді агенттікпен әңгімелесуші. 

ІІД-де хабарлағандай, жаттығулар жұма күні күндіз Бейбітшілік және Сейфуллин көшелерінің қиылысында Ұлттық банк ғимаратының маңында өткізілген. 


Жаңалықтар
0