Өңірлер

Қазақстанда жексенбі күні тұман болады деп күтіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 29 қаңтарда жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп болжайды

АСТАНА, 29 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, кей жерлерінде қар күтіледі, оңтүстік облыстарда жауын-шашын болады. Кей жерлерде жел күшейеді, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау  облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23  м/с күшейеді. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі,  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді.  Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман,күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Жармин ауданында екпіні 25 м/с. 

 

Жаңалықтар
0