Экономика

Қазақстан өзінің шикізаттық базасын ұлғайтпақ

Жазылу
Қазақстан президенті Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.

АСТАНА, 31 қаң – Sputnik. 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда Жер қойнауы туралы жаңа кодекс қабылданатын болады. 

"Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс", — делінген ел президентінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында. 

Уран кәсіпорыны - Sputnik Қазақстан
Экономика
Шикізат бағасын ұстап тұру үшін Қазақстан уран өндіруді 10%-ға қысқартады

Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде, мемлекет басшысы, жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек, деп санайды. "Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек", — делінген жолдауда..

Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс.

Президент жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.


Жаңалықтар
0