Оқиға

Күлжинкіде автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік екіге бөлінді

© Photo : скриншот видео из Instagram Күлжинкіде автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік екіге бөлінді
Күлжинкіде автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік екіге бөлінді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан құран болғандар жоқ

АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Алматы облысы Ақшы кентінің маңындағы Күлжинкі жолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысты. Соққының қаттылығынан жеңіл көлік екіге бөлінді. 

Апат салдарының видеосы @kris_p_almaty Instagram қауымдастығында жарияланды. Видеода Mitsubishi Galant көлігінің бөліктері шоссенің екі жағына ұшып кеткені көрінеді. 

Алматы облысының полициясында Sputnik Қазақстанға жол апатының сейсенбі, 31 қаңтар күні сағат 09.00 және 10.00 аралығында орын алғанын хабарлады. 

"Mitsubishi Galant автокөлігі мен Setra автобусының соғысқаны рас. Адам шығыны болған жоқ. Жол апаты салдарынан жеңіл көлікті болған үш адам зардап шекті. Олар Есік қаласының ауруханасына жатқызылды", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде. 

Апат орнында Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Автокөліктердің соқтығысуының мән-жайы тиісті тексеруден кейін анықталатын болады. 


Жаңалықтар
0