Оқиға

Шымкентте жолаушылар автобусы мен Газель соқтығысты

© Photo : сайт Otyrar.kzЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Шымкентте жолаушыларға лық толы Газель мен автобус соғысты. Жол апаты1 ақпан күні кешкі сағат 19:00 шамасында болған. Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшесінің қиылысында №93 бағытта жүрген автобус пен №77 бағыттың шағын автобусы соғысты, деп хабарлайды Otyrar.kz

Басылымның хабарлауынша, №93 автобус пен №77  жолаушылар Газелінде адам толы болған. Нақты қанша адамның зардап шеккені әзірге белгісіз. Жедел жәрдем бригадалары жарақат алған 7 жолаушыны қалалық ауруханаларға алып кетті.

Өзге де куәлердің айтуынша, екі көлік соғысқан сәтте шағын автобустың терезесінен адамдар сыртқа құлаған. Қазір жол апатының орнында полиция анықтаушылары мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеуде.


Жаңалықтар
0