Саясат

Назарбаев шенеуніктер саны туралы: өздігінен көбеюі таңқаларлық

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуШенеунік
Шенеунік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық бизнесті шектен тыс қадағалайтын органдарда тексеру жүргізуді тапсырды

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдені бизнес саласында іске асырылатын бақылау-қадағалау қызметтердің санын тексеруді тапсырды. 

Данияр Акишев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Ақышевқа: батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа

Мемлекет басшысы қазақстандық бизнестегі реттеуші жүктеменің артқандығын атап өтті.

"Соңғы он жылда қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің саны төрт есе ұлғайды. Оларды кім шығарады? Жалпы республика бойынша бақылау-қадағалау қызметтерін 61 ведомство атқарады. Жеке бизнес ашу мүмкін емес. Үкімет ішіндегі "бесінші колонна" қайда? Бірнәрсе айтып, шешім қабылдаймыз да, іс жүзінде бәрін басқаша істейміз", — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"Үкіметтің баяндамасында жоспарлы тексеру кейінге қалдырылды, тәуекелді басқарудың жаңа жүйесі енгізілді, мемлекеттік қызмет көрсетулер электронды форматқа өтті деп жатады, алайда тексеруші органдардағы қызметкерлер саны азаяр емес. Қысқартқып едік қой, шенеуніктер неге әлі кетпеген? Бұлай өзігінен көбеюі таңқаларлық. Тексерушілерді қысқартамыз, шенеуніктердің саны сол қалпы. Таңғажайып жайт!", — дейді президент.

Жаңалықтар
0