Спорт

Универсиада: қыздар арасындағы пасьют фавориті жарыстан шеттетілді

© Photo : https://almaty2017.comГалина Вишневская
Галина Вишневская - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық Галина Вишневская Универсиадада пасьют жарысында беларус қызы Дарья Домрачеваның қателігін қайталады

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik.  Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская жұма күні пасьют жарысынан (ізге түсу) шеттетілді, өйткені екінші оқ ату аралығында қателік жіберді.

Шымбұлақта - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Украиндық сноубордшы Универсиадада жарақат алды

10 шақырымдық классикалық ізге түсу жарысында қатысушылар төрт рет оқ атады, алғашқы екі аралықта – жатып атса, қалған екеуінде тұрып атуы тиіс. 

Вишневская жұма күні пасьют жарысында екінші ату аралығында нысананы тұрған қалпында көздейді, шын мәнісінде жатып атуы керек болатын. Өкінішке орай, спортшы жарыстың тәртібін бұзғаны үшін шеттетілді, әйтпегенде пасьютте қарсыластарынан оқ бойы алда келе жатқан еді.  

Жаңалықтар
0