Оқиға

Аягөзде түнде қонақ үй өртенді

© Photo : ДЧС ВКОқонақ үйдегі өрт
қонақ үйдегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті пәтер мен ғимараттың шатыры өртеніп, барлық тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 6 ақп – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Аягөзде түнде қонақ үйде шыққан ірі өртті сөндірді, де хабарлады ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Өртпен күресті 20 өрт сөндірушімен үш бірлік техникасы жүргізіп, көмекке әскери бөлімшенің қызметкерлері жіберілді. 

"Өрт екіқабатты бір подъезді 12 пәтерлі үй – қонақ үйден шықты. Алдын ала болжам бойынша, тұтану ошағы бірінші және екінші қабар арасында болға. Өрт шатырды  және жеті  пәтерді шарпыды. Үй тұрғындары уақытша орналасу орындарына жеткізілді", — деп хабарлады ТЖД. 

Қонақ үйде тұрып жатқан адамдардың нақты саны анықталуда. Қауіпсіз жеге көшірілгендер арасында зардап шеккендер немесе күйік шалғандар жоқ. Өрт ауданы мен келтірілген шығын анықталуда. 

 

Өрттің шығу себебін анықтау үшін Өскеменнен сынама өрт зертханасының оперативті тобы жолға шықты. 


Жаңалықтар
0