Оқиға

ШҚО тұрғыны кәсіпкер әйелді өлтіргені үшін сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шемонаиха тұрғыны 500 мың теңгеге үшін кәсіпкерлікпен айналысатын таныс әйелді айуандықпен өлтірген

АСТАНА, 6 ақп — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ер адам кәсіпкерді аяусыздықпен өлтіргені үшін ұзақ мерзімге сотталды деп хабарлады облыстық сот Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Арқалықтық әйел 11 жыл некесіз бірге тұрған адамын өлтірмек болған

Үкім мәтініне сүйенсек, әйел адамның жергілікті нарықта шағын бизнесі болған. Қанішердің қолынан қаза табар күні оның қалтасында жарты миллион теңгедей қаражат болған, жақын арада тауар алу үшін Монғолияға баруды жоспарлап жүріпті. 

Ол құрбысымен басқа бір танысының үйіне соғып, соның әйелі бар – төртеу болып арақ ішеді. Әбден мас болған кәсіпкер қалтасынан ақшаны алып шығып, отырғандарға көрсетеді. 

Өзге екі әйел ұйықтауға кеткенде, ер адам кәсіпкерге бірнеше рет пышақ салады. Удай мас құрбанның қарсылық көрсетіп, айғайлауға шамасы болмаған. Қанішер мәйітті бақшаға көміп, ақшаны алып кетеді.

Келесі күні қарыздарын төлеп, ескі ВАЗ көлігін сатып алады, ал кешкісін үйіне полицейлер келген. 

Полиция қызметкерлері пышақты тауып алған кезде, қылмыскер жасаған ісін мойындады. Сараптама нәтижелері де кісі өлтіргендігін айғақтады.

Сот ер адамның бұдан бұрын да сотталғанын ескеріп, 16 жылға қатаң тәртіпті колонияға соттауға шешім қабылдады. Бұдан бөлек, әйелдің күйеуіне марқұмның жаназасын шығаруға көмек ретінде 1 миллион теңге, моралдік шығынды өтеуге 2 миллион теңге төлеуі тиіс.  

Жаңалықтар
0