Саясат

Елбасы Германия президенті Штайнмайерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды

© Photo : МИД КазахстанаФранк-Вальтер Штайнмайер
Франк-Вальтер Штайнмайер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев ГФР-дың сайланған президентінің мол саяси тәжірибесі мен дипломатиялық қабілет-қарымын атап өтті

АСТАНА, 13 ақп — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге Германия Федеративтік Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті Германия Федеративтік Республикасының сайланған Президентін құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бейбітшілік тілеп, елдің одан әрі өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

"Сіздің мол саяси тәжірибеңіз бен дипломатиялық қабілет-қарымыңыз отан игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін. Биыл 25 жылдығы атап өтіліп жатқан Қазақстан мен Германия арасындағы достық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынасты нығайтудағы Сіздің еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Берлинде өткен мазмұнды кездесулерімізді мен әрдайым жылы сезіммен еске аламын. Қазақстан биыл Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне Германияның қатысуын құптайды. Осыған орай, Сізді Қазақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырамын", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0