АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.