Өңірлер

Бейсенбіде қазақстандықтарды тұрақсыз ауа райы күтеді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматыда қар жауып тұр
Алматыда қар жауып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей жерлерінде қар жауады деп күтіледі

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, тұрақсыз ауа-райы сақталады кей жерлерде қар жауып, оңтүстік өңірлерде жауын-шашаын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып,  бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайты

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын,жел 15-20 м/с күшейеді.Күндіз павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының  кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облынының кей жерлерінде тұман,күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман  болып, күндіз бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

 

 

Жаңалықтар
0