Оқиға

Ақтауда бүлдіршінді зорлап өлтірген қаныпезер неге өмір бойына сотталмады

© Sputnik / Максим МасловФемида
Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Судья алты жасар Виканы өлтірген қылмыскердің неге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілмегендігін айтып берді

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Ақтауда алты жасар қызды зорлап өлтірген Валерий Аржановтың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеуіне үш алқабидің сол жазаны қолдап дауыс бермеуі себеп болды деп хабарлайды Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алты жасар Виканы зорлау ісі: айыптыны 25 жылға соттады

Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі бойынша тағылған 5 баптың ішінде 4 бап бойынша айыпты деп таныды: адам ұрлау, өлтіру, зорлау және есірткі заттарын заңсыз пайдалану. Сөйтіп, оны 25 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамады.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдануды сұраған болатын.

"Бұл туралы прокурор да, жәбірленушінің өкілі де айтты. Алайда, Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес, мұндай жаза бір ауыздан қабылдануы тиіс. Ал сотқа қатысушы алқабилердің арасында бұл жазаны қолдамағандар да болды, сол себепті қылмыскер 25 жылға ғана сотталды", — деп түсіндірді судья.

Қыздың туған-туыстары сот үкіміне қанағаттанатындықтарын айтты және оған шағым түсіретін ойда емес. 

Жаңалықтар
0