Экономика

ҚР жолдарымен жүру ақысы жеңіл көліктер үшін километріне 1 теңгеден аспайды

© Photo : АО "КазАвтоЖол"Астана-Бурабай
Астана-Бурабай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның инвестиция және даму министрлігі ақылы жолдардан жылына 30 миллиард теңге табыс табуды көздеп отыр

АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Қазақстандағы жаңа ақылы жолдармен жүру бағасы жеңіл көліктер үшін километріне 1 теңгеден аспайды деп сендірді инвестиция және даму вице-министрі Роман Скляр бейсенбі күні.

Ақылы көлік тұрағы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қарбалас уақытта Астанаға ақылы кіруді енгізу ұсынылды

Қазіргі уақытта Қазақстанда Астана-Щучинск тас жолымен жүру ақылы болып табылады, онда 2013 жылдан бергі тариф жеңіл көліктер үшін километріне 1 теңге құрайды (ақылы бөліктің қашықтығы – 217 километр).

 "Жаңа автокөлік бөліктерінде жүру ақысын бұл нормадан арттыруды жоспарлап отырған жоқпыз", — деді Скляр үкіметтегі брифингте.

Оның есептеуі бойынша, 2020 жылға қарай ақылы жолардан ел бюджетіне жыл сайын 30 миллиард теңге түсетін болады. Биыл қалааралық тас жолардың 700 километрінде ақылы жүруді енгізу жоспарланып отыр. Дәлірек айтқанда Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай телімдерінде ақыл алу жүйесі республикалық бюджет есебінен қарастырылған, ал Алматы-Қорғас телімінде – Әлемдік банк берген қарыз есебінен. Жүйе биыл қараша айында сынақ режимінде іске қосылады. 

Жаңалықтар
0