Қоғам

Тоқаев: Чуркин әлемдегі ең білікті дипломаттардың бірі еді

© Photo : Пресс-служба сената парламента РКҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей дипломаты Виталий Чуркин 65 жасында Нью-Йорк қаласында дүние салды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей дипломаты Виталий Чуркиннің қазасына орай көңіл айтты.

"Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркиннің қазасына орай қайғырып көңіл айтамын. Ол әлемдегі ең білікті дипломаттардың бірі еді", — деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин 65 жасқа толар туған күнінен бір күн бұрын Нью-Йорк қаласында аяқ астынан көз жұмды. 

Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін 2006 жылы сәуір айынан бері атқарып келе жатқан еді.

Жаңалықтар
0