Спорт

Биатлоншы Савицкий Азиада чемпионы атанды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБиатлон
Биатлон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы Азиада ойындарының жалпы есебінде әлі төртінші орында тұр, ел қоржынында он медаль бар

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий бейсенбі күні Азиада чемпионы атанды.

Трамплин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ткаченко ел қоржынына тағы бір қола салды

Екі оқ ату аралығы бар 10 шақырымдық жарыста Савицкий 26 минут 59,2 секундта мәреге бірінші болып жетті. 

Екінші орында тағы бір отандасымыз иеленді – Василий Подкрытов – ол Савицкийден небәрі 15 секундқа қалып қойған: жеңімпаз бірінші оқ ату аралығында бір-ақ қателік жіберсе, Подкорытов әр аралықта бір-бірден мүлт кетті.

Қола жүлде жапондық Микито Тачизакиге бұйырды.

Бейсенбі күні қазақстандық шаңғышы Елена Коломина 5 шақырымдық классикалық стилдегі жарыста екінші орынды иеленді. 

Сонымен Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола бар. 

Жаңалықтар
0