Қоғам

Алматыда тыңшы құрылғылары астыртын сатылған

© AFP 2024 / John MacDougall Тыңдау құрылғылары
Тыңдау құрылғылары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда тың тыңдау құрылғылары мен сырттый бақылау камералары жасырын түрде сатылған

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Алматы сауда үйінде тың тыңдау құрылғылары астыртын сатылған деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Пираттық дискілер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетау базарында порнофильмдер сатылған

Рейд барысында полиция аудиоақпаратты жасырын түрде алуға арналған GSM-тыңдау құрылғылары сияқты арнайы техникалық құралдардың екі түрін тапқан. Бұдан бөлек, дүкенді тінту кезінде тағы бір GSM-тыңдау құрылғысы мен, бейнекамера орнатылған салпыншақ табылды. Н. есімді азамат ұсталған. 

Полиция берген мәлімет бойынша, 21-23 ақпан аралығында авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы саласында 21 құқықбұзушылық анықталды. Контрафакт белгісі бар екі мың DVD заңсыз айналымнан алынды. Бұдан бөлек, порнографиялық өнім сатудың екі дерегі анықталып, жаңа компьютерлік технологияларға қатысты бірнеше қылмыс әшкереленді. 

Жаңалықтар
0