Спорт

Савицкий Азиада алтынына қол жеткізді

© AP Photo / Shuji KajiyamaЯн Савицкий
Ян Савицкий - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан құрамасы әртүрлі дәрежедегі 25 медальмен Саппорода Ойындардың жалпы командалық есебінде төртінші орыннан көтеріле алмай отыр

АСТАНА, 26 ақп – Sputnik. Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий жексенбі күні таңертең Саппорода (Жапония) өтіп жатқан Азиада  аясында ерлер масс-стартында алын медальге қол жеткізді. 

Савицкий 15 шақырымдық қашықтықтағы төрт отты шепте масс-стартты 44 минут 12,2 секундта жүгіріп өтіп, үш қателік жіберді. Екінші болған қытайлық биатлоншы Ванг Венкин одан 41,9 секундқа қалып қойды, қола жүлдегер – жапондық Косуке Озаки 59,3 секундқа кешікті. 

Қазақстанның тағы үш өкілі Василий Подкорытов, Антон Пантов және Максим Браун финишке алтыншы, сегізінші және оныншы болып жетті. 


Жаңалықтар
0