Саясат

Қазақстандықтар Қытайға күнде ұшу мүмкіндігіне ие болды

© Sputnik / Анатолий Устиненко"Эйр Астана" ұшағы
Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана мен Алматыдан Пекин және Үрімші қалаларына ұшатын әуе рейстерінің саны артады

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. 2017 жылы аптасына жеті Алматы-Пекин рейсі, төрт Астана-Пекин рейсі жіберіледі деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігі басшысы Жеңіс Қасымбек.

"Біз көршілес мемлекетпен авиация саласында белсенді түрде серіктестік жасауды жоспарлап отырмыз. Пекиннен бөлек, Астана-Үрімші, Алматы-Үрімші бағыттары да қосымша рейстермен қамтылады", — деп атап өтті министр.

Қасымбек берген мәліметке сүйенсек, екі жақты келіссөздер барысында жақсы конструктивті диалог қалыптасты және елдер арасындағы ынтымақтастық жан-жақты стратегиялық серіктестікке айналуда.

Жаңалықтар
0