Оқиға

Петропавлда үш құрылысшы биіктен құлап кетті

© Sputnik / Ирина СемибратоваСкорая помощь. Архивное фото
Скорая помощь. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Петропавлда ағаш материал опырылып, үш құрылысшы биіктен құлап кетті

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Петропавл қаласында құрылыс басында ағаш материал опырылып, үш жұмысшы биіктен құлап кетті; олардың екеуі әртүрлі жарақат алып ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Лифт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Полиция қызметкері аурухана лифтінің жертөлесіне құлап кетті

Төтенше жаңдай қала орталығында қонақ үй кешені құрылысында болған. Ағаштар опырылып, жұмысшылар шамамен 4-5 қабаттық биіктіктен құлаған. 

Екі зардап шегуші ауыр жарақат алғанымен, үшінші құрылысшының еш жері мертікпепті. 

Құрылыс басындағы төтенше оқиғаның себептерін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы анықтауда, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0