Өңірлер

Сәрсенбі күні ауа райы жауын-шашынды болмақ

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, елдің оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын болады деп күтіледі, елдің оңтүстік аймақтарында ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөннідегі Комитет сайты.

Алматы облысында кей жерлерде желдің екпіні 17-22, Жалаңашкөл ауданында ұйытқуы 28 м/с. 

Пресс-секретарь РГП Казгидромет Малика Бульдекбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Көктемнің алғашқы күндерінде боран соғады

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с. Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және күндіз – тұман.  

Жаңалықтар
0