АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Полиция Қостанайдағы облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны өлтірді деген күдікпен үш адамды ұстады деп хабарлайды өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Дәрігердің қаныпезерлер қолынан қаза тапқандығы туралы 20 ақпанда хабарланған еді.
"Арнайы жедел тергеу тобы жедел іздеу шаралар кешені нәтижесінде дәрігер Р. Сандыбаеваның не үшін, кімнің қолынан, қалай қаза тапқандығын анықтады. Үш күдікті ұсталып, қылмыстарын мойындап түсініктеме беруде", — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын қамауға алу және айып тағу үшін айғақтар базасын бекіту мақсатында тергеу жұмысы әрі қарай жалғасуда.