Қоғам

"KazSport" арнасы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын көрсете бастайды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЧемпиондар лигасы
Чемпиондар лигасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"KazSport" телеарнасы 2017 жылғы 7 наурыздан бастап Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарын көрсетуді бастайды

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. "KazSport" телеарнасы 2017 жылғы 7 наурыздан бастап Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарын көрсетуді бастайды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбуктағы жеке парақшасында мәлімдеді.

"Бұл жаңалық барша спортсүйер қауым үшін аса маңызды екені анық! "KazSport" телеарнасы 2017 жылғы 7 наурыздан бастап күллі жанкүйерлер көз тіккен Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарын көрсетуді бастайды. Осы көктемде аталған турнирлердің 1/8, 1/4, 1/2 финалдарының 50 ойыны трансляцияланады. Ал келесі маусым "KazSport" телеарнасында толықтай көрсетілмек" — деп хабарлады министр.

Жаңалықтар
0