Спорт

Техникалық іркілу "Барыстың" шешуші матчына билет сатып алуға мүмкіндік бермей отыр

© Официальный сайт ХК "Барыс"Барыс жанкүйерлері
Барыс жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚХЛ плей офф сериясының алтыншы матчы 4 наурыз күні Астанада өтпек. Ол астаналық команда үшін шешуші болуы мүмкін

АСТАНА, 3 нау – Sputnik. Техникалық іркілу "Барыс" хоккей клубы мен "Челябі" тракторы арасындағы плей-офф сериясы матчына онлайн билеттерін сатуды тоқтатуға себеп болды, деп хабарлады астаналық клубтың баспасөз қызметі. 

ҚХЛ плей офф сериясының алтыншы матчы 4 наурыз күні Астанада өтпек. Ол астаналық команда үшін шешуші болуы мүмкін. "Барыс" жеңген жағдайда келесі кезеңге өтеді. Алайда жанкүйерлер Интернет арқылы билет алу мүмкіндігінен айырылып отыр. 

"Өкінішке орай, ticketon.kz пен "Меломан" дүкендері мен агенттікте "Астана билеттерінде" техникалық ақаулықтар әлі де жалғасып отыр. Осыған орай сіздерге билеттерді арена кассаларынан сатып алуға кеңес береміз", — делінген хабарламада. 


Жаңалықтар
0