Оқиға

Қостанай облысында жоғалып кеткен үш қыз табылды

© PhotoЖеткіншек
Жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздар алдын ала брған жерде түнейтіні туралы келісіп, облыс орталығына жолға шыққан

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Лисаковск қаласында жоғалып кеткен үш қыз Қостанайдан табылды, деп хабарлады Alau.kz басылымына Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Балсұлу Әлекенова. 

"Қыздарды Қостанайдың орталық базарынан тапқан. Олардың жағдайы жақсы – дін аман. Жасөспірімдер жәй ғана қыдырып жүрген. 800 теңге төлеп, автобуспен келген. Қостанайға жетіп алып, ересектер өмірін сүріп көрмек болған", — деді Әлекенова. 

Қыздар алдын ала келісіп, алған таныс қыздарының үйіне қонған. Қазір кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар оқушыларды Лисаковск қаласына қарай жолға салып жіберген. 


Жаңалықтар
0