Спорт

ҚПЛ басталды:"Ордабасы" чемпионды ойсыратты

Жазылу
"Астана" футбол клубының Қазақстанның оңтүстігіндегі ойыны жанкүйерлерінің көңілінен шыға қоймады

АСТАНА, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан премьер-лигасының қазіргі чемпионы "Астана" ел біріншілігінің бірінші турында шымкенттік "Ордабасыдан" 0:3 есебімен ұтылып қалды.

Айсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Айсұлтан Назарбаев: мен әзірге ҚФФ вице-президенті емеспін

"Астана" Шымкенттегі біріншіліктің алғашқы матчына еңсесі түсіп барған еді: демалыс күндері Қазақстанның суперкубогі үшін болған матчта алматылық "Қайратқа" 0:2 есебімен ұтылған болатын. 

Ал бұл матчта есеп он бесінші минутты ашылды, "Ордабасы" хавбегі Мардан Төленбеков айыппұлдан гол соқты. 75-ші минутта жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев өзінің бұрынғы командасына гол салса, осы ойындағы соңғы голды 89-шы минутта "Ордабасы" футболшысы Абдулайе Диакате қарсыластар қақпасына тоғытты. 

Ең қызығы, қазақстандық премьер-лига басталғалы алғашқы ойыннан соң "Астана" 12-орында тұр, "Тобыл", "Ордабасы", "Ертіс" және "Қайрат" командалары көш бастауға әбден лайықты көрінеді. Келесі турды "Астана" 12 наурызда Павлодар қаласында "Ертіске" қарсы өткізеді.

 

Жаңалықтар
0