Оқиға

Алматыда жаңа туған сәбиді қоқысқа тастап кеткен

© Sputnik / Асем МиржекееваНәресте
Нәресте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция шақалақтың анасын да тапты, жас босанған әйел ауыр хәлде жан сақтау бөліміне жеткізілді

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Алматыдағы жоғары оқу орындардың бірінің жатақханасы маңындағы қоқыс контейнерінен жолай өтіп бара жатқан адам жаңа туған сәбиді тауып алды деп жазады patrul.kz.

овчарка  собака туфли - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Баласын өзенге батырып жатқан әйелді ит талап тастаған

Ер адам шақалақты таңғы сағат алты кезінде тауып, бірден полицияға хабар беріп, "жедел жәрдем" шақырған. Нәрестенің кіндігі байланбапты. Оны бірден ауруханаға жеткізгенімен, өміріне араша түсуге мүмкіндік болмады – сәби бірнеше сағаттан соң шетінеп кетті.

Көп ұзамай полиция жақын маңдағы жатақханадан жас босанған әйелді тапты. Ол 18 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен, Алматыдағы ЖОО-ның бірінің екінші курс студенті.

Жас қызды ауыр хәлде қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді. Болжам бойынша, ол жатақхана бөлмесінде жалғыз өзі босанған.

Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтар
0