Оқиға

Алматыда болған өртте мүгедек жан мен балалар құтқарылды

© Sputnik / Александр КожохинӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз өртеніп, бес қабатты үйдің подъезді түтінге оранған

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Алматыдағы өрт кезінде екі бала мен мүгедек адамды қосқанда бес адам қауіпсіз жерге шығарылды деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

коттедж өртенді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда коттедж бен екі көлік өртенді

Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты түтінге оранғаны туралы хабар 9:35-те келіп түскен. Өрт сөндірушілер бес минут ішінде жетті.

"Бірінші қабаттағы пәтерде жиһаз өртеніп жатты, подьезд түтінге оранған. Өрт сөндірушілер үйден бес адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың ішінде екі бала бар. Сонымен бірге, екінші қабаттан мүгедек жан құтқарылды", — деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 09.44-те ауыздықталып, 09.46-да толығымен сөндірілді. Өртену аумағы 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Жаңалықтар
0