Спорт

Занковец: "Магниткаға" қарсы екінші матчта көп шабуылдадық

Жазылу
Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың ширек финалдық ойындары бойынша "Металлургтен" жалпы есеп 2:0-мен ұтылып жатыр

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. "Барыс" ХК бас бапкері Эдуард Занковецтың айтуынша, оның командасы ширек финалдық ойындарда "Металлургке" қарсы екінші матчта жеңіс үшін барын салып күресті.

11 наурыз күні "Металлургке" қарсы екінші матчта "Барыс" овертаймда 4:5 есебімен жеңіліп қалды. 

"Жап-жақсы ойнадық, бірақ жеңіліске көңіліміз толмайды. Әсіресе, овертаймда ұтылған жаман. Бірақ хоккейдің аты хоккей", — деді Занковец мачтан соң.

"Бүгін белсенді ойнап, көп шабуылдадық. Сол себепті гол саны да көп болды", — дейді ол. 

Жаңалықтар
0