Қоғам

18 баланы құтқарған полицейге Астанада екі операция жасалды

Жазылу
Полицей санавиация арқылы елордалық ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген еді

АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. КамАЗ-бен жол апатында зардап шеккен павлодарлық полицей Мұрат Нұрсейітовке елордалық ауруханада екі операция жасалды деп хабарлады Павлодар қаласы №2 қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Кеңес Ақылжанов.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарлық полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

"Астаналық әріптестерімізбен хабарласып отырмыз, — дейді Ақылжанов. – Мұратқа қажетті екі операция жасалды: біріншісі – жамбасына, екіншісі өткен жұма күні болды – науқастың шынтақ сүйегі сынып кеткендіктен, қолына операция жасалды. Бәрі сәтті өтті деп хабарлады. Қазіргі уақытта дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін істеді. Жағдайы бірқалыпты. Әрі қарай елордалық аурухана қызметкерлері емдеу курсын жалғастыра береді, басты қиындық артта қалды". 

Естеріңізге сала кетсек, 17 ақпан күні таңертең КамАЗ автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бетке өтіп кетіп, балалар мінген автобусты соғуға шақ қалған. Полицейлер балаларды құтқару үшін өздерінің "Лада Гранта" көлігін КамАЗ-дың алдына көлегейлейді. Полиция көлігінің жүргізушісі Мұрат Нұрсейітов ауыр хәлде Павлодардағы ауруханаға жатқызылды. Оның әріптесі болар-болмас жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі мен автобус ішінде болған 18 бала мен 4 тәрбиеші зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0