Оқиға

Астанада жол апаты салдарынан көлік өртенді

© Photo : Facebook / Астана - Что? Где? Когда? @my_mathildaАстанада жол апаты салдарынан көлік өртенді
Астанада жол апаты салдарынан көлік өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Астанада екі көлік соқтығысып, біреуінен өрт шықты.

Алматыда жеңіл көлік аударылды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жеңіл көлік аударылды

Болған оқиғаны көзімен көргендер көлік апатының суреттерін әлеуметтік желілерде жариялады.

Астана полициясы хабар бергендей, жол апаты жұма күні сағат 10.00 кезінде Бейбітшілік және Сейфуллин көшелерінің қиылысында, "Пуча" сауда үйінің қасында болған. DAEWOO Nexia және Mercedes көліктері соқтығысып, Nexia көлігі өртене бастапты. Бірақ оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндіру қызметі өртті тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, жол полициясы көлік апаты орнында жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0