Спорт

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі Астанада өтпеуі мүмкін

© AP Photo / Frank Franklin IIГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық тараптың дайын болмауы салдарынан Головкин-Сондерс жекпе-жегі Астанада өтпеуі мүмкін

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазақстандық тараптың кесірінен Астанада өтпеуі мүмкін деп хабарлады GGG командасының мүшесі Жанар Өтешова The Steppe басылымына.

Геннадий Головкин - Давид Лемье - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық қылқалам шебері Головкин мен Лемье жекпе-жегінің суретін аукционға шығарды

Бұдан бұрын хабарланғандай, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аясында 17 маусымда Астанада өткізуі тиіс болатын. 

"Алып-қашпа әңгімелер тарап кетті. Жекпе-жектің біздің елімізде қашан өткізілетіні әлі белгісіз. Бұл мәселе туралы басқа адамдар әртүрлі мәлімдемелер айтып, Головкиннің атын пайланып, өздерін танытқысы келеді. GGG командасы қолынан келгеннің бәрін жасады. Алайда кештің өтуі-өтпеуі Қазақстандағы ұйымдастыру мәселелерінің кесірінен белгісіз болып отыр", — деп хабарлады Өтешова. 

Жаңалықтар
0