Оқиға

Алматыдағы жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

© SputnikАлматыдағы жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Алматыдағы жол апатынан  жаяу жүргінші қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүк көлігінің жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйел кісіні қағып өлтірді

АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған жол апаты болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға Бауман және Васнецов көшелерінің қиылысында болған.

Жүк көліктің жүргізушісі Бауман көшесінің бойынан оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Васнецов көшесінен көліктерді өткізу үшін тоқтаған.

Бұл уақытта жолдың рұқсат етілмеген жерінен әйел өтіп бара жатқан. Ол көліктің артқы дөңгелектерінің жанында болды. Жүк көлігі қозғалып әйелді басып кетті.

Жәбірленуші "жедел жәрдем" келгенге дейін жан тапсырды. 


Жаңалықтар
0