Оқиға

Батыс Қазақстанда қалжыңдаған әйел сотталуы мүмкін

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел кісі полиция қызметкерлеріне күйеуінің кепілге алынғаны туралы хабарлан

АСТАНА, 1 сәу — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күйеуінің пойызда кепілге алынғаны туралы қалжыңдаған әйел сотталуы мүмкін, деп хабарлайды "Мой гороод" порталы. 

Облыстық жедел штабтың БАҚ-пен байланыс жөніндегі тобы хабарлағандай, бүгін, 1 сәуір күні, полицияға әйел адам хабарласып, күйеуінің пойызда кепілге ұсталып отырғанын хабарлаған. 

Шамалы уақыттан кейін әйел 102 нөміріне қайта хабарласып, кепілде ұстау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, жәй ғана қалжыңдамақ болғанын айтқан. 

"Әйелдің жеке басы анықталды. Әзілқой Батыс Қазақстан облысының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады жедел штабта. 

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы жалған көрнеу хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл қылмыс бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 


Жаңалықтар
0