Спорт

Қазақстан қыздар арасында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

© REUTERS / Grigory DukorЭлизабет Турсынбаева
Элизабет Турсынбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы жекелей сын бойынша тұңғыш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды

АСТАНА, 1 сәу – Sputnik. Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарына конькимен мәнерлеп сырғанауда екі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаеваны Финляндия елінің Хельсинки қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады. 

Елсияр Қанағатов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанағатов Тен туралы: спорттың аты спорт

"Әлем чемпионатындағы жетістігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасы тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарына конькимен мәнерлеп сырғанауда екі лицензияға қол жеткізді. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы конькимен мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылыққа Өзіңіздің қосып отырған үлесіңіз зор!  Бұл ғаламат үлкен жеңіс нағыз қайсарлы қазақ қызының биік белесі, Әлемнің күшті спортшыларының лайықты бәсекесі деп білемін", — деп жазылған ведомство басшысының құттықтауында. 

Элизабет Тұрсынбаеваға жолдаған жеделхатында министр спортшыға алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, әлемдік спорттың шыңдарына шыға беруіңе тілектестік білдірді. 

Естеріңізге сала кетсек,  Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Элизабет Тұрсынбаева Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша 9-орын алды. Қысқа бағдарламада ол 10-шы орын алса, еркін бағдарламада 8-ші орын иеленді. Элизабет Тұрсынбаева қыздар арасындағы жекелей сын бойынша алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр. 


Жаңалықтар
0