АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауады, солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады Қазгидромет.
Қостанай облысында кей жерлерде күндіз және таңертең тұман, көктайғақ, түнде желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы – 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20, түнде ұйытқуы – 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман, күндіз төменнен соққан боран болады.
Алматы, Жамбыл, Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, жел – 15-20, Жамбыл облысында ұйытқуы – 23 м/с.
Ақтөбе облысында төменнен соққан боран, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысында күндіз тұман, көктайғақ, күндіз жедің екпіні – 15-20 м/с.
Атырау облысында күндіз желдің екпіні – 15-20 м/с.
Қарағанды облысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында – тұман.
Бұдан бөлек, жауын-шашын болуына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су тасуы мүмкін; ШҚО өзендерінде – мұз кептелуі ықтимал.