Қоғам

Астана әлемнің топ-20 спорт қаласының қатарына енуге үмітті

© Федерация велоспорта КазахстанаВелокоманда "Астана"
Велокоманда Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта әлемдік рейтингте Астана 61-ші орында

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik.  Қазіргі уақытта "Global sports cities index – 100 Top" спорт қалаларының басты индексі рейтингінде Астана 61-ші орында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің "Elorda Aqparat" ресми интернет-порталы.

"Біз жыл сайын Астанада ресми түрде 10-нан кем емес спорт шарасын өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы және өзге де елордада спортты дамыту жөніндегі іс-шаралар бізге таяу жылдары әлемнің 20 спорт қаласының қатарына енуге мүмкіндік туғызады", — деп мәлім етті  Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.

Қазіргі уақытта Sportcal спорт саласындағы ірі британ консалтингтік агенттігінің "Global sports cities index – 100 Top" спорт қалалары бас индексінің рейтингісіне сәйкес Астана 2016 жылы әлемнің 610 қаласының ішінде 61-ші орынды иеленді.

Ал, Алматы –  27-ші орында.


 


Жаңалықтар
0