Қоғам

Максим Арышевті соңғы сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналды

© Sputnik / Сергей КимПрощание с Максимом Арышевым
Прощание с Максимом Арышевым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санкт-Петербургтегі теракт кезінде қаза тапқан алматылық Максим Арышевтің отбасына қолдау көрсету үшін халық көп жиналды

АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. Санкт-Петербургтегі теракт кезінде қаза тапқан қазақстандық Максим Арышевпен қоштасуға жүздеген адам жиналды деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматыда өтіп жатқан қоштасу рәсімінен.

Арышев 3 сәуір күні метрода болған теракт кезінде қаза тапты. Ол бірнеше жыл бұрын Петербург жоғарғы оқу орындарының біріне түскен.

"Мұндай балалардан айырылу жанымызға батады. Ол білікті маман, ардақты әке болып, өз балаларын да солай тәрбиелер еді. Азаматтық ұстанымы берік қалыптасқан жігіт еді, қыршынынан қиылды. Соңына дейін сене алдым. Баламыз білім қуамын деп Петербургке барып, ажал құшты", — деді Максимнің сынып жетекшісі Наталья Лановенко тілшілерге.

Жерлеу рәсіміне Максимнің туған-туыстары, достары мен сыныптастары ғана емес, отбасының қайғысымен ортақтасуға келген бейтаныс жандар да жиналды.

© Sputnik / Сергей КимМаксим Арышевпен қоштасу рәсімі
Максим Арышевпен қоштасу рәсімі - Sputnik Қазақстан
Максим Арышевпен қоштасу рәсімі
Жаңалықтар
0