Өңірлер

Автобусқа шабуыл жасаған қарақшы 9 жылдан соң ұсталды

© AFP 2024 / DANIEL SANNUM LAUTEN Кісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сол кезде 22 жастағы жігіт жолаушылар автобусына шабуыл жасап, бағалы заттарын тонап кеткен. Қарақшы тоғыз жыл бойы соттан қашып жүрді

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысы полициясы тоғыз жыл бұрын жолаушылар автобусына шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында қару ұрлаған үш қарақшы сотталды

Жедел профилактикалық шараларды жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы Астана тұрғынын ұстаған. Ол 2008 жылы 8 қарашада Алматы-Екатеринбург жолында Осакаров ауданы Ошағанды ауылына жақын жерде Астана-Сарыағаш бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусына қарулы қарақшылық жасағанын мойындады. Сол жолы 5 миллион теңгеден астам соманы қамтитын мүлік тонапты.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0