Оқиға

Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар автокөлік ұрлығын ашты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАвтомобильные воры
Автомобильные воры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер 20-дан астам автокөлік ұрлығына қатысы болуы мүмкін

АСТАНА, 12 сəуір — Sputnik. Елордалық полиция қызметкерлері бірқатар автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

"Сарыарқа" ауданы ІІБ қызметкерлері қала тұрғындары көліктерінің бөлшектерін ұрлады деген екі күдіктіні ұстады. Жастары 24 жене 25 шамасындағы екі жігіт Павлодар және Ақмола облыстарының тұрғындары болып табылады. 

"Олар сигнализациямен жабдық алған көліктрді таңдап, жүк жене жүк көлігі деп ажыратып жатпай, шешіп алуға болатын барлық бөлшегін əкеткен: аккумулятор, бамперлер, айналар. Ұрланғанды олар СТО-ға,  автобөлшек дүкендері мен металлоломға өткізген. Ұсталғандар кінəларын мойындап отыр", — деп хабарлайды ведомствода. 

Күдіктілер 20-дан  астам автокөлік ұрлығына қатысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. 

ҚР ҚК-нің "Үрлық" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоқтықтары тексеріліп жатыр.


Жаңалықтар
0