Оқиға

Астанада жатақхана өртеніп жатыр

© Photo : Предоставили очевидцыАстанада жатақхана өртеніп жатыр
Астанада жатақхана өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына жеті минутта жетті

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Толстой көшесі бойында орналасқан жатақхананың шатыры өртеніп жатыр деп хабарлады Астана төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

"Бүгін сағат 16:08-де Толстой көшесі, 40 мекенжайы бойынша орналасқан жатақхана бөлмесі өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру жасақтары келіп жеткен кезде (жеті минутта) ауданы 100 шаршы метрді қамтитын жатақхана шатыры өртенгені анықталды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмысы жүргізілуде", — деп хабарлайды Астана төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің сайты.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 38 адам мен он көлік жұмылдырылған.

Жаңалықтар
0